Қарасу ауданындағы №520 референдум учаскесіндегі саяси науқан ерекше мерекелік сипат алды. Дауыс берушілердің бір легі ұлттық киім киіп келіп, жұртшылықтың назарына ілікті.
Олар референдумге ұлттық киім киіп келу арқылы халқымыздың баға жетпес құндылықтарын насихаттай түсті. Бүгін таңғы 07:00-ден бастап аудан бойынша барлық учаскелер тиісті тәртіп бойынша жұмыс істеуде. 11:05-тегі жағдай бойынша тұрғындардың белсенділігі арта түсті.
