Арқалықтықтар Наурыз тойын мерекелеуді бастап кетті

Арқалықтықтар Наурыз тойын мерекелеуді бастап кетті

Жан-жануар еңсесін көтерген, күн мен түн, жуан мен жіңішке теңескен ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының орны қашанда бөлек.

Арқалық қаласының жұртшылығы жыл сайын Наурыз айында еліміз бойынша аталып өтілетін ұлттық салт дәстүрді жаңғыртқан тағылымды он күндікті атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Наурыз мерекесі әр ұжымда аталып өтіп, оның исі сезілмейтін орын қалмайды. Ақ дастархан жайылып, алтыбақан құрылып, самаурын – қазан қайнап, үлкен – кіші мәз – мейрам болатын игі дәстүр биыл да ізгі сабақтастығын тапты.

Ақ жаулықты аналар қауымы жарапазан айтып, көрісу рәсімдерін жасап, шашу шашып, ән шырқады. Қариялар бата беріп, игі тілектер тіленді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Осындай ізгі көріністердің бірі қала әкімдігінен де үйлесімін тапты. Қалалық Аналар кеңесі мен әжелер алқасы бірлесіп, ұлттық құндылықтарды насихаттап, әр ұжымға ізгі тілектерін білдірді.

«Көктем мерекесінде халқымыздың ежелгі «Көрісу» амалдарын жасап жатқан жайымыз бар. Бұл күн ертеде қыстан аман шыққан халықтың бір – бірімен шұрқырасып табысып, сағынысып қауышатын күні.

Оразамыз қабыл болсын. Достық пен ынтымақтастықтың мейрамы еліміздің берекесін арттыра берсін»,-деді қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Бақытжамал Қалтаева.

Әжелер кеңесінің төрағасы Сәуле Қабылдақызы бұл күндері көршілердің де сыйластығы артып, ізгі амалдарды одан әрі өрістетуге, жас ұрпаққа жақсы тәлім – тәрбие беруде атқаратын ролінің зор екенін алға тартты. «Тобымыз көп, тобамыз қабыл болсын» деген тілегін жеткізді.

Шашу шашылды, ізгі тілектер көптеп тіленді. Арқалық қаласының құрметті азаматы, абыз ана Бақытжамал Аяғанқызы жиналған жұртшылыққа ақ батасын берді.

Ботакөз Төлепберген,

Арқалық қалалық «Құрылыс және сәулет» бөлімінің бас маманы:

«Әжелеріміз бен апаларымыз келіп, халқымыздың асыл құндылықтарын паш етіп жатыр.

Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену жастарға тән қасиет. Жақсы амалдар жасап, үлкен кісілерден бата алдық.

Қуаныш пен мейірімге толы осындай шуақты күндеріміз көп болсын».

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

  Арқалық қаласы