Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды – коалиция мүшелері «Жастар сарайы» қызметкерлерімен кездесті

Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды – коалиция мүшелері «Жастар сарайы» қызметкерлерімен кездесті

Қостанайда облыстық коалиция мүшелері Ирина Аронова мен Жанна Қайырбекова «Жастар сарайы» мәдениет орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Оның барысында коалиция мүшелері 15 наурызда өтетін саяси науқанның маңыздылығын атап өтті және әрбір азаматтың белсенді ұстанымының ел болашағы үшін шешуші рөл атқаратынын айтты.

Ирина Аронова өз сөзінде жаңа Конституция жобасының негізгі принципі адамның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекіту болып табылатынын атап өтті. «Жаңа жоба қазіргі заман талаптарына сәйкес дайындалды. Қоғам дамыған сайын жаңа ұғымдар мен құндылықтар қалыптасады. Оларды заңдық тұрғыда бекіту қазіргі уақыт талабына сай», — деді ол.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының мазмұны, оның қоғамдық сұранысқа сәйкестігі және елдің одан әрі дамуына стратегиялық маңызы туралы кеңінен пікір алмасты. Коалиция мүшелері азаматтарды алдағы референдумда белсенді болуға және саналы, мұқият таңдау жасауға шақырды.