8 наурыз – Халықаралық аналар күніне орай жылдағы дәстүрге сай Арқалық қаласында аналардың құрметіне арналып ақ дастархан жайылды.
Көктемнің шуағын ала келген мерейлі мереке түрлі салада еңбек етіп, халықтың құрметіне бөленген аналарға көтеріңкі көңіл, жүректеріне жылылық сезімін сыйлады.

Салтанатты шақта өмірдің ыстық – суығына төзіп, еңбекте ер – азаматтардан қалыспай, өмірде ұрпақ өсіріп, елдің өсіп – өнуіне зор үлес қосып отырған аналар қауымын қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, ыстық ықыласқа толы алғысын білдірді.

Арқалық қалалық мәслихатының төрғасы Гүлбану Елтебаева, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сандуғаш Алматова, Арқалық қаласының құрметті азаматы, «Аналар кеңесінің төрағасы Бақытжамал Қалтаева, «Алтын алқа» иегері, «Әжелер алқасының» төрағасы Сәуле Қабылдақызы құттықтау – лебіздер легін одан әрі жалғастырып, елдегі атқарылып жатқан оң істерге ризашылықтарын жеткізді.

Аналарға арналыа жайылған мерекелік дастарханды қала өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, әрлендіре түсті.

Тағылымды кештің аяқталуында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Арқалық қалалық филиалының төрағасы Түбекбай Әубәкіров аяулы аналарға ақ тілегін арнап, ас қайырудың ақ батасын берді.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
