Кезекті кездесу Науырзым ауданының халқымен өтті

Кезекті кездесу Науырзым ауданының халқымен өтті

Облыстық коалиция мүшелері Рихсибай Мамедов пен Айбек Таңатбаев Науырзым ауданының тұрғындарымен жүздесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы, олардың қоғам дамуына ықпалы және алдағы референдумның рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен жиын өзара түсіністікті нығайтып, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті7