ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Дубай ATP 500 турниріне барған ойыншылар, бапкерлер, басқа қызметкерлер, барлығы 41 адам Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып отыр.
«Бұлардың арасында осы жарыстың жеңімпазы, әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев, оның отандасы, Дубайда жартылай финалға дейін жеткен Андрей Рублев бар. Барлық спортшының 3 наурыз күні таңмен ұшып кетуіне кепілдік берілген», – деген хабар бар.
Алайда бұл елдің әуе кеңістігі ашылған жағдайда ғана мүмкін болмақ.
