Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды.
Саяси кеңес мүшелері Ата заңды талқылау қоғамның жаңаруға және Қазақстанның қазіргі даму кезеңіне сай тұрақты шешімдер мен мүмкіндіктерді іздеуге деген сұранысын жоғарлатқанын атап өтті.
Сонымен бірге, талқылауға арналған отырыс кезінде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің логикасы, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейтуге, мемлекет пен қоғам арасындағы келісімнің жоғарылығы туралы айтылды.
Жиынға қатысушылар Конституцияда бекітілетін нормалар әлеуметтік салада, еңбек қатынастарында және азаматтардың өмір сапасын арттыру нақты іске асырдуы тиіс жұмыстар екенін атап өтті.
