Қала бойынша білім сапасының көрсеткіштері де артып келеді. Оқушылардың үлгерімі жақсарып, үздік аттестат пен «Алтын белгі» иегерлерінің саны көбейген. ҰБТ нәтижелері облыстық және республикалық орташа көрсеткіштерден жоғары. Алайда олимпиадалық қозғалыстың әлсіздігі жиында ерекше сынға алынды.

Үздік оқушылардың аз ғана бөлігі олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысады, ал жоғары нәтижелер негізінен 5–6 мектептің үлесінде қалып отыр. Әсіресе физика, информатика, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер, сондай-ақ тарих пен тіл пәндері бойынша дайындықты күшейту қажеттігі айтылды.
«Қостанай қаласының мектептері заманауи техникалық құралдармен жақсы жабдықталған. Білім беру ұйымдарында мыңдаған компьютер, интерактивті панельдер, жоғары жылдамдықтағы интернет, робототехника және зертханалық кабинеттер бар. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстарды жекелеген мектептер деңгейінде ғана шектемей, жүйелі сипатқа көшіру қажетті», – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Қостанай қаласы мектеп директорларының басын қосқан кеңейтілген жиында.
Бір сөзбен айтқанда, ннфрақұрылым бар жерде нақты нәтиже де болуы тиіс.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Василий Васильев
