«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы жастармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, жол саласы мамандығына қызығушылықты арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Әрбір экскурсия, әрбір әңгіме мен шеберлік сағаты – бұл тек таныстыру шарасы емес, болашаққа салынған маңызды инвестиция.
Кәсіби бағдар жұмысының басты мақсаты – мектеп оқушылары мен студенттерге жол саласының маңыздылығын түсіндіру, оларға нақты тәжірибе мен кәсіби бағыт-бағдар беру. Бұл жұмыс жас ұрпақтың өз мамандығын жүрек қалауымен таңдауына мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы кездесулердің нақты нәтижелері де бар. Мәселен, Стоценко Алиса орталық мамандарымен кездесуден кейін жол саласына қызығушылық танытып, Жоғары автожол колледжіне оқуға түсті. Ал Виталий Менжуренко оқу кезінде орталықта өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби ортаға бейімделіп, бүгінде «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығында» қызметін жалғастыруда.
Мұндай мысалдар жас мамандардың жол саласына деген ынтасын арттырып қана қоймай, ұжымдағы буындар сабақтастығын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Осылайша, профориентациялық жұмыс нақты нәтижесін беруде сапалы жолды таңдаған жас мамандар пайда болуда.
