Жарыс «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес «Ұлы елдің ұландары» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар АК–74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау, белтемірге тартылу, пневматикалық мылтықпен ату, қол гранатасын қашықтыққа лақтыру, кросс және басқа да кезеңдер бойынша өз шеберліктерін сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша: бірінші орынды Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп, екінші орынды Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп, үшінші орынды Родина ауылдық округінде орналасқан Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп командалары иеленді.

Соныменқатар, әр номинация бойынша жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Әлеуметтік жобаны жүзеге асырушы «Арқалық Жастар Футбол клубы» қоғамдық бірлестігі.
Мұрат Жүнісұлы Арқалық қаласы
