Жахаң ұрпақтары облыс әкіміне алғыс лебізін жолдады

Жахаң ұрпақтары облыс әкіміне алғыс лебізін жолдады

Құрметті Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы! 

Ұлт тарихында ерекше орны бар, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын,  қазақ әдебиетінің классигі Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласында еңселі ескерткішінің бой көтеруі – тарихи және ұлттық рухани маңызы зор оқиға болды.

Біз, Міржақып Дулатовтың ұрпақтары, осындай игілікті іске бастамашы болып, қолдау білдіріп, Міржақып Дулатов есімін ұлықтауға зор үлес қосқаныңыз үшін Сізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Бұл ескерткіш – ұлт зиялысына құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі, ұлттық руханиятты дәріптеудің айқын үлгісі және жас ұрпаққа жол сілтер өнегелі іс деп білеміз.

Сізге зор денсаулық, қызметіңізге өрлеу, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге табыс тілейміз.

Құрметпен, М.Дулатовтың ұрпақтары

22.09.2025 ж.