Қарасуда бүлдіршіндер нанның дастарханға қалай келетінін білді

Қарасуда бүлдіршіндер нанның дастарханға қалай келетінін білді

Қарасу ауылының «Нұр сәби» балабақшасында «Мамандықтарға ойнайық» облыстық инновациялық жобасына қатысу арқылы ерте кәсіптік бағдар берілді.
Балабақшада бала кішкентай кезінен өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарды көріп, олардың маңыздылығын түсінуі қажет деп саналады.

Өңір үшін маңызды және қажетті агроном мамандығы Жұмысшы мамандықтары жылында ерекше құрметке ие болуда.

blank  Мамыр айында бүлдіршіндер шаруа қожалықтарының егістіктеріне экскурсия жасап, ашық аспан астындағы сабаққа қатысты. Балаларға топыраққа қалай күтім жасалады, бидайдың егілуі, астықтың өсуі мен жиналуына қандай күш жұмсалатыны түсіндірілді. Балғындар дастарқандағы нан — көптеген мамандардың ерен еңбегінің жемісі екенін білді.

blank Егіс кезінде балалар шынжыр табанды тракторлармен, астық сепкіштермен, соқалармен танысады. Әсіресе, трактор кабинасына отырып, бидайды толтырып алуға «көмектесіп», өзін нағыз егінші рөлінде сезіну мүмкіндігі ерекше қуанышқа бөлейді.

blank Егін жинау науқаны кезінде өткен күзгі экскурсия кәсіптік бағдар беру үшін маңызы зор. Бұл балаларға қызық тәжірибе, оларға өздерін үлкен процестің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Далада комбайндардың жұмысын өз көздерімен көріп, егін жинайтын жүк көліктерінің артынан астықты қабылдау кәсіпорнына келеді.

blank

Бұл жерде балалар астықты сақтау, кептіру және өңдеумен танысады. Көптеген балалар экскурсиядан кейін «тракторшылар сияқты далада жұмыс істеймін» деп тілек білдіріп, өз әсерлерімен қуана бөлісетіні таңғаларлық жағдай емес.

«Балалардың агроном мамандығымен таныстырылғаны маған қатты ұнайды. Енді менің балам өсімдіктерді зерттеп, техникаға қызығып, өзімнің астығымды өсіргім келеді дейді», – деп ағынан жарылды Бүлдіршін Санат Макишевтің анасы.

Жобаның іске асырылуы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік берді. Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы, Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі және «Нұр сәби» балабақшасы арасында әлеуметтік серіктестік туралы шарт жасалды. Сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығы аясында Қарасу ауданының Люблин ЖББМ мен Абай атындағы ЖББМ тәжірибемен бөлісуде.

blankБілім басқармасының Әдістемелік орталығының жобасына ата-аналар, шару қожалықтарының басшылары және колледж шеберлері қолдау көрсетіп, бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысын іске асыруда.

«Біз «Нұр сәби» балабақшасымен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бұл болашаққа жасалған инвестиция деп есептеймін. Егер бала кезінен агроном мамандығын танып, балғындар өсімдіктерді отырғызып, оларды күтіп үйренсе, демек, біз жерді сүйетін, оның құндылығын түсінетін жаңа ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз деген сөз», –деп атап өтті шаруа қожалығының басшысы Қайрат Байғабулов.

Балалық шақтан еңбекті құрметтеу және оның маңыздылығын түсіне білу – бұл саналы болашаққа деген алғашқы қадам.

Қарасу ауданы