Жағалауда «Тобыл ойшылы» мүсіні ашылады

Жағалауда «Тобыл ойшылы» мүсіні ашылады

Бүгін кешкі сағат 21:00-де Қостанайдағы «Шағала» жағалауында «Тобыл ойшылы» мүсінінің ашылуы болады. Тас мүсіннің 3 метрлік көшірмесі кеше кешке жағалауға орнатылып қойды.

Қала әкімі Марат Жүндібаев 4-тамыз күні өткен аппарат кеңесінде аталған мүсінді орнатуға «Алпамыс» құрылыс компаниясы қаржылай қолдау білдіргенін айтқан еді. Кәсіпкер Алмат Айтқожинов жобаны қаржыландырып, қала күніне осындай сый-құрмет жасаған.

«Тобыл ойшылы» тас мүсіні 1976 жылы Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылының егіс даласынан табылды. Мүсіннің түпнұсқасы 2022 жылы Астанадағы Ұлттық музейге табысталды. Қостанайдағы облыстық музейде экспозицияның көшірмесі тұр.

Тобыл ойшылының сыры әлі күнге дейін толық ашылмаған. Түпнұсқасының биіктігі – 202 мм, салмағы – 4 кг.

Қымбат ДОСЖАНОВА