Қостанайда қала күнін мерекелеу басталады

Қостанайда қала күнін мерекелеу басталады

Бүгін Қостанайда қала күніне арналған 4 күндік мерекелік бағдарлама басталады. 

Алғашқы іс-шара – дзюдодан қалалық чемпионат. Спорт сайысы Юбилейный шағын ауданы 26а мекен жайындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде бүгін таңертеңгі сағат 10:00 мен кешкі 18:00 аралығына жоспарланған. Кешкі 18:00-ден бастап қаланың әр бөлігінде жергілікті өнерпаздардың концерті өтпек.

18:00-19:00 аралығында Гашек көшесіндегі «Ұлы дала» саябағында «StreetMusic» жастар ұжымының концерттік бағдарламасы;

18:30-да Қостанай-2, КСК, «Дружба» тұрғын алабы, «Қонай» шағын ауданында «Мирас» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының «Ән-жырым – Қостанай» атты көшпелі концерті;

19:00-20:30 орталық сквердегі сахнада «Караван» вокалды-инструменталды ансамблінің концерті;

19:00-21:00 Гашек көшесіндегі «Ұлы дала» саябағында «Музыка нас связала…» ретро-фестивалі;

21:00-22:00 Гашек көшесіндегі «Ұлы дала» саябағында Dj-фестиваль;

21:00 «Шағала» жағажайында «Тобыл ойшылы» мүсінінің ашылуы;

20:30-23:00 Әл-Фараби даңғылындағы орталық алаңда (Достық үйінің алдында) этномәдени бірлестіктердің қатысуымен батл-шоу, қайырымдылық би кеші болады.

Биыл Қостанай қаласының құрылғанына 146 жыл. Мерекелік бағдарламаның жоспарын қала әкімдігі БАҚ өкілдеріне алдын ала хабарлағанын еске саламыз.

Қымбат ДОСЖАНОВА