Аймақ басшысы Биағаң елінде

Аймақ басшысы Биағаң елінде

Бейімбет Майлин ауданында 6 мың тонналық картоп-көкөніс қоймасының құрылыс жұмысы басталды. «GreenTerra» ЖШС қолға алған ірі жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге. Кешен ғимараты Германия мен Нидерланды технологиясымен жабдықталады. Өнімнің бірқалыпты сақталуы үшін желдеткіш орнатылып, климат-бақылау жасалмақ. Қоймаға 135 га аумақтың картобы сыйып кетеді. Құрылыс жұмыстары жаздың соңында аяқталады деп күтілуде. Серіктестіктің әлі де жүзеге асырғалы отырған жоспары бар.Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Биағаңның елінде болған сапарында осы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, Асенкритов ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, «Варварин» АҚ-ның кен орнына ат басын тіреді.Асенкритов ауылдық округінің құрамына кіретін алты (Асенкритов, Николаев, Қызылжар, Варварин, Майлин, Баталы) елді мекенде 2026 адам тіршілік етеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауылдық округ халқының саны 39 адамға азайған. Өңір басшысы мен жергілікті жұртшылықтың кездесуі барысында бұдан да өзге мәселелер көтерілді.Толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

 

Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу