ҰБТ-2023: сынақ тестілерінің базасы жаңартылды

ҰБТ-2023: сынақ тестілерінің базасы жаңартылды

Негізгі ҰБТ-ның алдында Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Тестілеуден онлайн форматта орталықтың сайтынан мына сілтеме арқылы өтуге болады.

“Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет”, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Жаңалықтармен бөлісу