Первомай ауылында балалар алаңы ашылды

Первомай ауылында балалар алаңы ашылды

Әулиекөл ауданына қарасты Первомай ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді.

Ауылдың көркеюіне бағытталған бұл игі істі «Әулие Би-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды.

Алаңның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жансұлтан Таукенов аталмыш бағдарламаның маңызын атап өтті.

blank

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Қазір ауылдарымыз жаңарып, тіршілігі жандана түсуде. Ауыл-аймақтар қаңырап, бұзылған үйлерден тазарып, көшелер жарықтандырылуда. Первомай ауылында да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табуда. Ауылға кіреберіс жолды жаңарту және ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, балаларымыз үшін жаңа ойын алаңының салынуы – үлкен қуаныш. Осындай игі істерге атсалысып жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз», – деді аудан әкімі.

blank blankАуыл халқы да жасалған жұмыстардың нәтижесіне дән риза.

blank

«Көз алдымызда ауыл көркейіп келеді. Ауыл қаңыраған, қираған үйлерден тазартылып, көшелерге жарық тартылды. Енді, міне, жол жөнделіп, балаларға арналған әдемі ойын алаңы бой көтерді. Осы бастамаға себепкер болған Нұрқан Садуақасовқа ауыл тұрғындары атынан шынайы алғысымызды айтамыз», – дейді ауыл тұрғыны Алла Мейірханова.

Бұл алаң – ауыл балаларына қуаныш сыйлаған игілікті бастамалардың бірі болды.

Әулиекөл ауданы