Президент тапсырмасымен БАҚ қызметкерлеріне пәтер табысталды

Президент тапсырмасымен БАҚ қызметкерлеріне пәтер табысталды

Бүгін Мемлекет басшысының қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп жүрген бірқатар маманға баспана кілті табысталды. Бұл жолы 66 журналист пәтерлі болып, үлкен қуанышқа кенелді. Солардың қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамындағы «Qazaqstan» ұлттық арнасының журналисі Бауыржан Бөгенбай да бар.

– 2014 жылы Қостанай облыстық «QOSTANAI» телеарнасында алғаш еңбек жолымды бастағам. Содан бері корпорация құрамында түрлі салада қызмет етіп келемін. Қазіргі таңда «Таңшолпан» бағдарламасында еңбек етудемін. Осындай берекелі ұжымның мүшесі болғаныма қуаныштымын. Жұмысымызды елеп, баспана мәселесін шешуге ықпал еткен Ләззат Мұратқызына және корпорация ұжымына алғыс айтамын, – дейді Бауыржан Бөгенбай.

Айта кетейік, бұл игі бастама үшінші жыл қатарынан жүзеге асып отыр. 2023 жылы – 65, ал 2024 жылы – 67 БАҚ өкілі баспаналы болған еді. Мемлекет тарапынан қолға алынған бұл бастама сала мамандарына көрсетілген зор қолдау әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.