Ұлт ардақтысы М.Дулатұлының 140 жылдығына орай қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту» орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған байқау үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында көрініс тапты.
Бірінші кезеңде қатысушылар «Алаш арысы М. Дулатовқа — 140 жыл» тақырыбында қазақ тілінде эссе жазу, екінші кезеңде қазақ тілінде берілген мәтінді орыс тіліне аудару, үшінші кезеңде ағылшын тілін қаншалықты деңгейде меңгергендерін көрсету, яғни экраннан көрсетілген мәтін, картина немесе бейнематериалдың мазмұнын ағылшын тілінде түсіндіріп беру талаптарынан сынға түсті.
Қорытындысында орталық басшысы Абзал Қуанышұлы жылы лебізін білдіріп, әділқазылар алқасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттады.
Бірінші орынды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Бекзат Әбдімәлік, екінші орынды ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының маманы Абай Фазылжан, үшінші орынды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Гүлсім Әнуарбек иеленді. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
