112 пультіне Жанкелдин ауданының Шилі ауылынан мал бағуға шыққан 1970 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны Шилі ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы Кенесары қыстағынан тауып алған.
“Ер адам зардап шеккен жоқ. ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді!”, – деп хабарлдайды облыстық Төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Аружан Берікқызы
ҚӨУ Студенті