Денисов ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы іске асыру аясында “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы мемлекеттік қызметші арасында “Мемлекеттік тілді жетік меңгерген үздік мемлекеттік қызметші” атты байқау өткізді.
Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру, тіл мәдениетін насихаттау және мемлекеттік қызметте тілдің рөлін күшейту мақсатымен ұйымдастырылды.
Байқауға 4 команда қатысты, олар: “Әкімдер”, “Аппарат”, “Бас мамандар” және “Басшылар” командасы. Төрт кезең бойынша қатысушылардың тілдік дағдылары, логикалық ойлау қабілеті және мемлекеттік қызметке қатысты білімдері тексерілді. Бірінші кезеңде қатысушылар шашыранқы сөздерден сөйлем құрады. Екінші кезеңде салт-дәстүр туралы білімдерін көрсетті. Үшінші кезеңде командалар Конституция аясындағы сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде қатысушылар аударма тапсырмаларын орындап, өздерінің тілдік шеберліктерін көрсетті.
Байқау нәтижесінде “Әкімдер” командасы І орынды иеленді, ал “Аппарат” командасы ІІ орынға, “Бас мамандар” командасы ІІІ орынға ие болды. Барлық қатысушы бағалы сыйлықтармен және Алғыс хатпен марапатталды.