ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 12 заң бұзушылықты анықтады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелудің жолын кесті. Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.