Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңесте АЭС-тің маңыздылығы талқыланды

Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңесте АЭС-тің маңыздылығы талқыланды

«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар елімізде 6 қазанда өтетін АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдумның маңыздылығы мен атом электр станциясының артықшылығы туралы талқылады.

Сонымен қатар отырыста республика аймақтарын газдандыру мәселесі де сөз болды. Іс-шараға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев, Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Биыл 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Бүгінде Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік ететін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб ел аймақтарын аралап, жұртшылыққа жобаның маңыздылығын түсіндіруде. Бұл бастама ел экономикасының энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету және энергетикалық тәуелсіздікті нығайту мақсатында қолға алынуда.

«AMANAT» партиясы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында да АЭС құрылысына қолдау көрсету мәселесі кеңінен талқыланды. Кеңес Төрағасы Берік Бейсенғалиев атом электр станциясының Қазақстан үшін маңыздылығын сөз етті.

Жаңалықтармен бөлісу