Қарапайым халық Қостанай-Алматы №43 пойызының кезінде Қостанайдағы учаскесі неге жабылғанын әлі күнге түсінбей келеді. Қазір Қостанай-Алматы пойызының үш-төрт вагоны ғана жаңа.
«2017 жылға дейін заманауи салқындатқышы бар фирмалық жаңа вагондар болды. Неге соларды алып тастады?” – деп уәж айтты тұрғындар.
Белгілі болғандай, ол кезде қызмет көрсетіп келген №43 пойыз конкурсқа қатыспай қалған. Нәтижесінде тендерді жеңіп алған компания іске кіріскен.
«Қазір вагондар жетіспей жатыр. Осы жылы барлығы 22 вагон сатып алынды. Соның 10 вагоны №43 пойызына жалғанатын болды», – деді ҚР Көлік министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуінде.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков