Қостанайдан Ақтөбе жаққа жиі қатынайтын жолаушыларға Қостанай-Қарабұтақ жолы ақылы деген хаттама келіп жатыр. ҚР көлік министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде бұл жолдың жөндеуі толық аяқталғанша тегін екенін айтты. Осы жерде ескере кететін жағдай, маршрут бағытындағы көліктер бұл төлемнен босатылады.
Облыс тұрғындарын шекарадағы жағдай да қатты алаңдатып отыр. Мәселен, Қостанайдан “Қайрақ” бекетіне дейінгі жолда көлік кептелісі толастаған емес. Жолды кеңейту жұмыстары кезек күттірмейтін тұғаны аян. Алайда ол жұмыстарды ведомство 2027 жылға жоспарлап жатыр.
Кездесуде авиация билетінің бағасын түсіру мәселесі де сөз болды. Ол үшін рейс санын көбейту көзделген. Биыл Шымкент, Түркістан, Алматы бағыты бойынша үш рейс ашылды. Астана, Маңғыстау, Павлодар мен Балқаштағы жолаушылар тұрағы жөнделіп жатыр. Бүгінде Қазақстан бойынша сегіз орын ашылса, төртеуі жыл соңына дейін іске қосылмақ.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суретті түсірген – Бағдат Ахметбеков