Қалтарыс жолдар қалыпқа келді

Қалтарыс жолдар қалыпқа келді

Арқалықта бұрын – соңды жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын қиындатып келген көпқабатты үйлердің арасындағы қалтарыс жолдарға асфальт салынып жатыр.

Көктем мен күзде өткел бермей ми батпақ болып жататын жерлердің ретке келуі қала тұрғындарының қуанышын еселеуде.

Қалтарыс жолдар түзеліп, көпқабатты үйлердің аулаларындағы автотұрақ орындарына да жол жабыны төселіп берілді.

Қалалық «Тұрғын үй құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы Абылай Тұрғановтың айтуынша мұндай кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

«Қазіргі уақытта қаламыздағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары қарқын алуда. Атап айтсақ, Абай көшесіндегі №80, Қозыбаев көшесіндегі №32,34 үйлердің алдына асфальт салынды. Маясова көшесі №32, 46 үйлердің алдына автотұрақ жасалды. Байтұрсынов көшесі №9 үйдің алды, автотұрағы асфальттанды. Абай көшесі №96 үйдің автотұрағы қалыпқа келтірілді, енді ауласы толығымен істелетін болады. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады. Алдағы жылға да үйлердің аулаларын жаңа асфальтпен жабдықтау бойынша жоспар жасайтын боламыз», – дейді мекеме басшысы Абылай Олжабайұлы.

Жасалынып жатқан игілікті жұмыстардың арқасында қаладағы «Жүйке аурулары дипансері» мен «Мечта» сауда үйінің іргесіндегі жол бөліктері де тегістеліп, көпшіліктің емін – еркін қозғалысына айқара жол ашты.

   Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ   

Суреттерді түсірген – автор

 

Арқа

лық қаласы.

Жаңалықтармен бөлісу