Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Арина Казимова пластикалық бөтелкелерді бірегей декор элементтеріне қайта өңдеу бойынша EcoPrint Decor жобасын әзірледі.
Жоба қазіргі заманның ең өзекті экологиялық проблемаларының бірін шешуге бағытталған. Өйткені пластикалық қалдықтар нағыз экологиялық апатқа айналып отыр. Жобаны іске асыруға колледж педагогтары – Жаннат Контробаева, Андрей Карпут Валерьевич және Вера Задорожнюк көмек көрсетеді.
Жоба аясында пластикалық бөтелкелер үйлер мен кеңселерді безендіріп қана қоймай, қалдықтарды азайтуға көмектесетін талғампаз және стильді интерьер элементтеріне айналады. Қайта өңдеудің бұл инновациялық тәсілі экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және біздің әлемді таза етуге көмектеседі.
EcoPrint Decor жобасына пластикалық ыдыстарды жинау мен қайта өңдеуді ұйымдастыратын колледж еріктілері қатысады. Олардың әрқайсысы қалдықтарды өңдеуге тұрақты көзқарастың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыра отырып, таңғажайып сәндік бұйымдарды жасауға үлес қосады.
«Біздің жұмысымыз – экология мен шығармашылық қатар жүретін болашақтың пайдасына таңдау жасау. EcoPrint Decor жобасы жастарды қоршаған ортаны қорғаудың белсенді әрекеттеріне шабыттандыруға арналған», – дейді Арина Казимова.
Жоба облыстық инновациялық және бизнес-идеялар конкурстарында, ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға ие болды. Биыл жобаны кеңейтіп, қостанайлықтарға декор заттарын сату жоспарлануда.