Екі аралықта қатынас үзілген. Жұрт дала жолымен жүруге мәжбүр. Көлкіген суда тұрған электр бағандарының да құлау қаупі бар.
Сондықтан, бұл аумақта төтенше жағдай режимі әлі сақталып отыр.
– Жазда екі есе көп ылғал түсіп, көлдің су деңгейі түспек түгілі, көтеріліп кетті. Соған байланысты облыс басшылығы су арнасын бұру үшін қосымша арық қазу жөнінде шешім қабылдады. Оған 108 миллион теңге бөлінді. Ауданға тартылған электр бағандарының 15 проценті қазір суда тұр. Аяз түскенше ол маңайды құрғатып үлгермесе, мұз болып қатқан баған тіреуіштері бұзылып, қирауы мүмкін. Олай болған жағдайда аудан жарықсыз қалады, – дейді аудан әкімі Қайрат Оспанов.
Ауқымды жобаны “ЕВРО-ЖОБА” ЖШС мердігерлік ұйымы қолға алды. Каналдың ені 30 метрге дейін, ұзындығы 14 шақырымға созылған.
Тереңдігі 3-тен 13,5 метрге болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа жеті экскаватор, бес жүк көлігі және екі бульдозер тартылған.
Бүгінгі таңда барлығы шамамен 1600 метр, ені 46 метрге дейін терең ор қазылды. Жоба 1 қарашада аяқталмақ.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев