Жоба аясында кездесулер мен семинарлар өтті. Онда үш жүзден астам білім беру қызметкерлері, басқа еңбек ұжымдарының өкілдері және жастар қатысты.
Жақында Лисаковтағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі «Қазақстандағы зайырлылық моделі: жоғары сынып оқушыларын оқытудағы әдістемелік тәсілдер» атты семинар-тренинг өтті. Онда қала мектептерінің сынып жетекшілері мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Модератор ретінде полиция подполковнигі Мырзабек Түйғанов – Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы шақырылды
Мұғалімдерге арнаған сөзінде ол біздің ортақ міндетіміз – жастардың қоғамға да, адамның өзіне де зиянын тигізетін жат идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру екенін айтты. Ал бұл үшін әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігі мен жауапты мінез-құлқы шараларын, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу, толеранттылық пен адамгершілік идеяларын сіңіру жөніндегі тәрбие жұмысын күшейту қажет.
Полиция қызметінің тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, радикалды идеологияның жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға деструктивті ықпалының мәнін түсіндірді. Жастардың бойында сыни тұрғыдан ойлау, әсіресе әлеуметтік желілерде алынған ақпаратты бағалау, психологиялық айла-шарғыларға қарсы тұру қабілетін дамытудың маңыздылығына назар аударды.
Іс-шараны Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімі «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Гүлмира ҒАБЖАЛЕЛ,
ҚӨУ студенті
Лисаков қаласы