Салқын су неге тоқтады? knews.kz

Салқын су неге тоқтады?

Қостанайда салқын судың баяулап қалғанына тұрғындар шағым білдірді. ҚостанайСу” мекемесінің  ақпараты бойынша қалада қысым расымен төмендеген.

Бұл сауалға қала әкімдігі былай жауап берді:

“13 маусымда тазарту қондырғыларында төтенше жағдай орын алды. Қалаға су көп бөлінетіндіктен және резервуарларды толтыруға уақыт жоқ болғандықтан, сағат 18:30-да су қысымын 4 атмосфераға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Сағат 23:10-да резервуарларды толтыру үшін сорғы станциясы тоқтатылды. Коммуналдық қызметтер жұмыс істейді, апаттың себебін анықтайды. Қосымша ақпаратты хабарлаймыз”.

Жаңалықтармен бөлісу