Биыл балалар қайда барып демалады?

Биыл балалар қайда барып демалады?

Биыл Қостанай облысында 103 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагеріне барады. Оған жергілікті бюджеттен 432,8 млн теңге бөлінді.

Облыстық білім басқармасы басшы Айман Ибраеваның сөзінше, өңірде қала сыртындағы 11 лагерь жұмыс істеп тұр. Оның екеуі жекеменшік Арқалық қаласындағы «Строитель» және «Болашақ» лагері).

“Су тасқыны кезінде Денисов ауданының «Солнечный» балалар лагерінің бірнеше үйі су астында қалды. Залалды бағалау жүргізілді, жөндеуге жұмыстарына бюджет қаражатынан 52,3 млн теңге бөлінді, конкурстық рәсімдер өткізілуде. Басында демалыс орнының шатыр мен терезелерін ағымдағы жөндеуге 39,8 млн теңге бөлінді, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін лагерь алғашқы маусымға үлгермесе де, кейінгі айларда балаларды қабылдайды”, – Айман Ибраева.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры есебінен Әулиекөл ауданында бір ауысымда 150 баланы қамтитын 286 млн теңге сомасына жаңа лагерь бой көтерді.

“Қазіргі уақытта барлық лагерьлерде дайындық жұмыстары, аумақты тазарту, қауіпсіздік стандарттарын орындау жұмыстары жүргізілуде. Облыстық білім басқармасының мониторингтік тобы лагерьлерді аралады. ТЖД мен санитарлық бақылау органдарынан рұқсат алғаннан кейін лагерьлерді қабылдау жүргізіледі. Жолдаманың орташа құны 45 мың теңгені құрайды”, – дейді Айман Елеманқызы.

Облыстың интернат тәрбиеленушілері өздеріне тиесілі демалыс базаларында демалады. Олар – Бәкіров атындағы демалыс базасы және «Лесная сказка», «Алтынгүл». Бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалардың демалысы да жолға қойылған. Жалпыға бірдей білім беру қорынан шамамен 167 млн теңге бөлінеді. Биыл «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының «QH Жаздық жолдама» ауылдық балаларға арналған жобасы жалғасуда. Өңірдің 826 баласы республиканың қала сыртындағы лагерьлеріне жолдама алды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Хатико» оңалту орталығының базасында облыстың 13 өңірінен жалпы сомасы 54 млн теңгеге мүмкіндігі шектеулі 395 бала күтушілерімен бірге демалады, өткен жылы 289 ерекше бала демалды.

Гүлмира ҚАБЖАЛЕЛ,
ҚӨУ студенті

Сурет Бейбіт Мейрамұлының архивінен алынған

Жаңалықтармен бөлісу