Жүргізуші куәлігін алудың жолы қандай?

Жүргізуші куәлігін алудың жолы қандай?

“Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалында 25 фронт офис жұмыс істейді.

Оның халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөлімдері мен аудандық  базаларда арнайы секторлары бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен  брифингте айтылды.

“Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Қостанай қаласының мамандандырылған бөлімінің басшысы Сағадат Бектұровтың айтуынша, былтыр Халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған бөлімінде 150 000 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

“Талап етілетін қызметтердің бірі жүргізуші куәлігін беру. Бүгінде ХҚКО-ның мобильді қосымшасын енгізудің арқасында жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру ыңғайлы бола бастады. Өтініш беру үшін пайдаланушыға “ХҚКО” мобильді қосымшасында “Бейне бойынша қызмет” таңдау қажет. Сервис алғашқы консультация беру үшін оператормен байланыстырады. Содан кейін жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік бажды төлеу немесе бұрын төленген чекті ұсыну қажет. Төлегеннен кейін № 073/у нысанындағы медициналық анықтаманың сканерленген нұсқасын, автомектепті бітіргені туралы куәлікті, көрсетілетін қызметті алушының фотосуретінің талаптарына сәйкес келетін куәлікті және оның қолын ұсыну қажет”, –деді бөлім басшысы.

Брондаудың бұл әдісі азаматтардың уақытын үнемдейді. Қолданбаны GooglePlay және AppStore дүкендерінен жүктеуге болады. Автокөлік иесі үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі де қолжетімді. Өтінішті банктердің қосымшасы арқылы беріп, 1 сағат ішінде мамандандырылған ХҚКО-да дайын жүргізуші куәлігін алуға болады.

“Автокөлікті сатып алу және ресімдеу кезінде әрбір азамат мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға міндетті. Былтыр облыстың автокөлік иелері “әдемі” нөмірлерге 404 миллион теңге жұмсады”, – деп атап өтті Сағадат Айтбайұлы.

Диана БАТЫРБЕК

 

Жаңалықтармен бөлісу