Елордалық спикерлер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін жол саласының қажетті қыр-сырын түсінуге үйретеді.
Бұған дейін жүргізілген талдау Қазақстанда ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармаларында барлық қызметкерлердің тек 10 пайызында ғана автожол саласы мамандығы бойынша дипломы бар екені анықталды.
Нәтижесінде бейінді білімнің болмауы жолдарды жөндеу кезінде тапсырыс берушілер тарапынан жобаларды, техникалық тапсырмаларды жасауда әртүрлі заң бұзушылықтарға әкелді.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомстволық сараптамадан өтудің бірыңғай порталын құрды. Енді барлық процедуралар ашық жүргізіледі. Тапсырыс берушілер – ТКШ-ның сол бөлімдері болашақ жөндеу бойынша барлық деректерді енгізеді. Мысалы, бұл қандай жол учаскесі, қандай жұмыс түрлері қажет деген сауалдарға жауап бермек.
Ведомстволық сараптама жүргізудің негізгі міндеті – әкімдік мамандары қабылдаған шешімдердің техникалық құжаттамада негізділігін дәлелдеу. Құжаттар қаншалықты дұрыс құрастырылған, жұмыс көлемінің орындылығы, құрылыстың есептік құны көрсеткіштерінің дұрыстығын бақылау.
Әкімдік бөлімдері өкілдерінің міндеті – дұрыс деректер енгізу. Және сараптамадан өтудің барлық кезеңдерін қадағалау. Бірақ, көптеген адамдар белгіленген мерзімдерді өткізіп жібереді. Мысалы, ескертулер 3-5 күн ішінде жойылуы керек. Сараптаманың өзі бір ай ішінде аяқталуы керек.
“Біздің міндетіміз – мерзімдерді қысқарту, қажетті кезеңді орындау. Егер бұрын ведомстволық сараптамаға 3-4 айға дейін уақыт кетсе, қазір жеңілдетуге және электронды нұсқаға көшуге байланысты бұл мерзімдерді 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Бұл жөндеудің өзін тезірек бастауға мүмкіндік береді. Бұл цифрландырудың пайдасы”, – деп атап өтті жол активтері сапасы ұлттық орталығының Қостанай облыстық филиалының директоры Рафис Зинетов.