Облыс әкімі жаңа салынып жатқан диірмен кешенінің жұмысымен танысты

Облыс әкімі жаңа салынып жатқан диірмен кешенінің жұмысымен танысты

Өңірде жылына кем дегенде бес миллион тоннадан астам астық жиналса, соның 45 проценті зауытта қайта өңделеді.

Президент осы жұмысты 70 процентке өсіруді тапсырған.

Осы бағытта облыста қандай шаралардың қолға алынып жатқаны жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов Аруна 2010 ЖШС жаңа жобасының құрылысымен танысу барысында айтты.

“Бұл тапсырманы орындау үшін жаңа фабрика, зауыттар салыну керек. Облысымызда алдағы үш жылда құны 112 млрд теңге тұратын он бес жоба іске асырылатын болады. Оның бірі қазір көріп отырғанымыздай Аруана ЖШС жаңа диірмені. Жылына 85 мың тонна өнім қайта өндірілетін болады. 100 адам қосымша жұмысқа тартылып, 200 млн теңге салық төлейді”, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Бұданда басқа ірі жобаларды айтатын болсақ, жуырда Түрік компанияларының қатысуымен 24 млрд теңге тұратын жаңа бұршақ өңдейтін зауыт құрылысы басталмақ. Оның да қуаттылығы 100 мың тоннадан асады. Дәнді дақылдарды терең өңдейтін зауыттың құрылысы да келер жылдың басында басталғалы отыр. Қуаттылығы 415 тонна болатын зауыттың жалпы құны 50млрд теңгеден асады. Онда 600 адам жұмысқа тартылмақ.

Әлібек Ыбырай

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

Жаңалықтармен бөлісу