“ҚазАвтоЖол ” қызметкерлері  жетім балаларға көмектесті

“ҚазАвтоЖол ” қызметкерлері  жетім балаларға көмектесті

 15 Наурыз – қайырымдылық күні аясында “ҚАЖ-сервис” ЖШС және “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ қызметкерлері жетім балаларға көмек көрсету үшін күш біріктірді. Олар “Дельфин” сәбилер үйіне барып, көмек қолын созып, қолдау көрсетті.

“Жетім балалар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Өйткені олар материалдық қолдау алып қана қоймай, өздерін қоғамның бір бөлшегі екендігін сезініп, сүйіспеншілікке бөленеді”, – дейді ұйымдастырушылар.

Мұндай бастамалар қайырымдылық көмектің қоғамдағы оң өзгерістерге әсер ететуінің жарқын мысалы. Атаулы іс-шаралар алдағы жылдары дәстүрге айналып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап, қолдау көрсету жалғасады деп үміттенеміз.

Жаңалықтармен бөлісу