Құрметті қостанайлықтар!
Барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Қасиетті ораза айы – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік іспетті адами құндылықтарға ерекше мән беретін сәт.
Жақынына жанашыр болып, жан-жағына мейірімін шашқан жамағаттың дін мен дәстүрді тең ұстап, еліміздің бірлігі мен тұтастығын нығайта түсеріне сенімім зор.
Қасиетті Рамазан айы тек жақсылыққа толы болсын. Әрбіріңізге дендеріңіздің саулығын, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін. Әр бастаған істеріңізге сәттілік серік болсын. Тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!