Оған соңғы тәулікте 150 мамандандырылған техника мен 250-ден астам адам жұмылдырылған.
Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі айтып берді.
“Мердігерлік ұйымдардың қар тазалау және шығару жұмыстарын тексердім. Жол қызметтері бұрыннан таныс алгоритм бойынша жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, жаңа жылдың басынан жауып жатқан қар көшелердегі көліктермен бірге коммуналдық қызметтердің жұмысын қиындатып жатыр”, – деді Марат Жүндібаев.