ХАЛАЛ: Дәмханаға сертификат табысталды

ХАЛАЛ: Дәмханаға сертификат табысталды

Жаңа жыл Қостанай өнірінде жағымды жаңалықтармен басталды. Осы күнге дейін халыққа қызмет көрсетіп келген «Моя узбечка» дәмханасының ұжымы ҚМДБ-ның «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының куәлігіне ие болды деп хабарлайды Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметінен.

Маңызды құжатты алған кәсіпкер Азиз Абдисаламұлына ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты маманы Әлішер Ертайұлы арнайы табыс етті.

Алдағы уақытта бұл дәмханада арақ-шарап сатылмайды. Барлық тағамдар шариғат талаптарына сай дайындалады.

Бұған дейін аймақта мұндай сертификат куәлігіне 25 кәсіпорын ие болғанын айта кетейік.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу