Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл, Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай “Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы” атты республикалық ақындар айтысында жерлесіміз Тоба Өтепбаев он ақынның арасынан жүлделі бірінші орынға ие болды.
“Сыр елінің ықылас-пейіліне марқайып қайттық. Қазақылықтың қаймағы болған өңірдегі айтысты ұйымдастырған кісілерге де, қолдаған ағайынға да зор алғыс! Нұрмат, Мұхтар, Ержеңіс ағалар басы-қасында жүрген айтыс жоғары деңгейде өтті”, – дейді ақын.