Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл, Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы» атты республикалық ақындар айтысында жерлесіміз Тоба Өтепбаев он ақынның арасынан жүлделі бірінші орынға ие болды.
«Сыр елінің ықылас-пейіліне марқайып қайттық. Қазақылықтың қаймағы болған өңірдегі айтысты ұйымдастырған кісілерге де, қолдаған ағайынға да зор алғыс! Нұрмат, Мұхтар, Ержеңіс ағалар басы-қасында жүрген айтыс жоғары деңгейде өтті», – дейді ақын.