KIA зауытың бас директоры Ким Деки кәсіпорын ашылуы екі ел арасындағы ықпалдастықты арттыратынын айтты.
“Осы жылдың күзінде 1500 жаңа жұмыс орнын құратын KIA маркалы автомашиналар шығаратын ең ірі жаңа автозауыт құрылысын бастағалы отырмыз. Құрылыс алаңы – шамамен 100 мың шаршы метр. Мұнда КIA бөлшектерімен бірден жеке дайындалып, сыртқы саудаға шығарылатын болады”, – деді Ким Деки.
100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылатын жоба екі ел арасындағы тауар айналымының артуына сеп болғалы тұр. Зауыт 2025 жылы ашылады деп жоспарланды.