KIA автокөлік зауытының құрылысының ашылуына қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірімізде жүзеге асырылғалы отырған бірнеше жобалармен таныстырып шықты. Оның бірі кеншілер шаһары Рудный қаласында пайда болмақ.
“Біз индустриялық аймақтамыз. Аймақта бірнеше индустриялық жобалар іске асырылып жатыр. Кеншілер шаһарында да қара металлургия зауыты қолға алынғалы тұр. Мың адамды жұмыспен қамтитын жоба, жылына алпыс млрд теңгенің көлемінде мемлекетке салық түсіреді. Президент кезекті отырысында қосымша аймақты газдандыру жұмысын да тапсырған еді. Ақтөбе облысы арқылы Қостанайға дейін газ кұбырының құрылысы қарастырылды. Бұл жол бойындағы өндіріс ошақтары мен елді мекендерді газдандыруға бағытталып отыр”, – деп атап өтті әкім.