Аварияны жою жөніндегі жедел штабы жалғыз кеншіні іздестіріп жатыр

Аварияны жою жөніндегі жедел штабы жалғыз кеншіні іздестіріп жатыр

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда. Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

– шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;

-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;

– желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

 

@press_TJM

Жаңалықтармен бөлісу