Арқалық қаласының орталығында екі мың домбырашы қазақтың жеті күйін орындайды

Арқалық қаласының орталығында екі мың домбырашы қазақтың жеті күйін орындайды

Арқалық қаласында 2024 жылы шілде айында өтетін «Ұлттық домбыра күніне» дайындық жұмыстары басталып кетті.

Қазақстан Республикасында 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілген. Осыған орай, Арқалық қаласында соңғы үш жыл қатарынан Ұлттық Домбыра күні жоғары деңгейде аталып өтілуде.

Алдағы 2024 жылы шілде айында «Жігер» стадионында 2000 домбырашының жаппай 7 күй орындауы жоспарлануда. Олар: Халық күйлері «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Жастар», Н. Ахметбековтің «Жеңіс» күйі, Н. Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, Құрманғазының «Адай» күйі және Б. Әбеновтің «Желдірме» күйі.

  «Төл мұрамызды насихаттауға белсенді атсалысып жатқан ұжымдарға алғысымызды білдіреміз. Алда болатын «Ұлттық домбыра күніне» қазіргі уақыттан бастап кестеге сәйкес дайындықты ұйымдастыруды бастап кеттік»,–дейді қала әкімінің кезекті аппарат жиынында осы мақсатта арнайы баяндама жасаған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Жұмабаева.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы

 

Жаңалықтармен бөлісу