Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мен дамытуға жағдай жасау мақсатында 26-28 қыркүйек күндері әскери бөлімдерінің жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!»,атты мамандар арасында «Үздік маман» байқау-сайыстары өткізілді. Байқауға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Халық қаһарманы генерал-майор Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері, тілші мамандар мен көрнекті әдебиет өкілдері қатысты.
Байқауда «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс», «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясы және Бас қолбасшылыққа тікелей бағынысты әскери бөлімдердің жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілері өз бақтарын сынады. Нәтижесінде “Орталық” өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметші қатардағы Кирилл Пономаренкоға бас жүлдені еншіледі. Оны Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Жарылқасынұлы Үмбетов өзі марапаттады.