Атаулы әлеуметтік шаралар отбасының цифрлық картасымен  анықталады

Атаулы әлеуметтік шаралар отбасының цифрлық картасымен анықталады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова  Қостанай облысына жасаған сапарында хабардар етті.

Әлеуметтік кодексте мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге олардың отбасы мүшелерін тарту көзделген. Мүгедектігі бар адамдардың туыстары жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Оларға еңбекақы төленіп, тиісті әлеуметтік аударымдар жүргізіледі.

 

«Бұдан  басқа,  Әлеуметтік кодексте әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған шараларды көрсету есебінен әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту көзделген. Әлеуметтік саланы кеңінен цифрландыру арқылы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бұрын қолданылған өтініш нысанынан проактивті форматына көшіру жүзеге асырылады», – деді вице-министр.

 

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу