Қоғамның жекелеген санаттарына берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды

Қоғамның жекелеген санаттарына берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды

Өңірімзге жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығында болды. Рудный қаласының отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, барысымен танысты. Қызмет алушылармен кездесіп, қиын жағдайдағы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы да хабардар етті.

Әлеуметтік кодекс шеңберінде балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы тұтас жүйесі сақталғанын баяндады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік берілетін төлем мен бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мерзімін ұзарту көзделді. Кепілді әлеуметтік пакеттер монетизациялау арқылы «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге төленетін жәрдемақы мөлшері сараланып, параметрлері  өзгертілді. осылайша, халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарына мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін ұлғайту қарастырылған.

 

«2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек орташа медианадан төмен табысы бар азаматтарға көрсетіледі. Атаулы шаралар отбасыларға қиын өмірлік жағдайдан шығуға мүмкіндік береді», – деп толықтырды вице-министр.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу