Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова өңірімізге  жұмыс сапары аясында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен, өңір тұрғындарымен және әлеуметтік мекемелердің ұжымдарымен кездесуінде айтты.

 

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту туралы хабардар етті. Әлеуметтік кодексті іске асыру кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып, құжатта ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға көп көңіл бөлінгенін атап өтті.

Мәселен, бірінші кезекте мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақылар ұлғайтылды, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер де қолжетімді болды.

 

«2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтын адамдарға, асыраушыларынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға артты. Жыл басынан бері жәрдемақы мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюын ескере отырып, төлемдер мөлшері өткен жылдың деңгейіне қарағанда жалпы алғанда 23%-ға өсті», – деді Назгүл Сағындықова.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу