Салық төлеудің мерзімі аяқталуға жақын

Салық төлеудің мерзімі аяқталуға жақын

Жыл бойғы мүлік салығына белгіленген мерзім күн санап жақындап келеді. Алдағы қазан айына дейін берешегі бар тұрғындар қарызынан құтылғандары жөн. Бұл туралы өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова өңірлік коммукациялар қызметі алаңында айтып берді.

“Борышкерлер белгіленген уақыттан кешіксе, оларға заң жүзінде іздеу жұмыстары жүргізіледі. Жағдай реттелмесе, онымен сот орындаушылары айналысатын болады”, – деді Шынар Жұмабайқызы.

Кейбір қоғамның мүшелеріне бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл санатқа мүгедектер, жалғызбасты зейнеткерлер, көп балалы аналар, соғыс және еңбек ардагерлері жатқызылып келеді. Егер зейнеткерлер мекенжайда белгілі бір жанұя мүшелерімен тіркелген жағдайда ол жеңілдік қарастырылмайды. Ол топтағы азаматтар мен азаматшаларға есептелген салық мөлшерінің тағайындалған пайызынан босату назарға алынған.

Салық төлеудің қазір түрлі жолдары ұйымдастылуда. Арнайы қосымшалар арқылы жүзеге асырған тиімді әрі уақытты үнемдейді.

Мемлекеттік кірістер органдары осы  жылы 2022 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың есебін жүргізді. Облыс бойынша барлығы 312262 мыңнан астам жеке тұлғаның мүлік салығын төлеу бойынша міндеттемелері бар.

Салықтар мен ағымдағы төлемдер бойынша берешек төлемдерді eGov.kz порталында электрондық түрде жүргізуге болады, Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және т. б.), сонымен қатар Esalyq Азамат мобильді қосымшасындағы салық әмиян сервисі арқылы төлей аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу