Лисаков қаласында жаңа диализ орталығы салынады

Лисаков қаласында жаңа диализ орталығы салынады

Биыл Лисаков қаласының әлеуеті арта түсті. Инвестиция тарту жұмыстары да оң жолға түскен. Бұл туралы қала әкімі Абай Ыбыраев өңірлік коммуникация орталығында журналистермен болған брифингте айтып берді.
Бүгінде қаланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,6 млрд теңгені құрады. Қазір онда жалпы құны 1 780,3 млн теңге болатын инвестициялық жобалар іске асырылуда, шамамен 178 жұмыс орны құрылады.
Ірі жобалардың бірі – диализ орталығын салу.

– Жақын арада ол туралы ашық айтатын боламыз. Қазірдің өзінде “Nephrolife”ЖШС-мен келісім бар. Кем дегенде 10 төсек-орынға арналған толыққанды стационар “Леал”ғимаратында орналасады.  Қазіргі уақытта қызметкерлер жалға алынып жатыр, – деді Лисаков қаласының әкімі Абай ЫБРАЕВ.

Жаңалықтармен бөлісу